Пт. Окт 4th, 2024

Кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған.

Атырауда «QazHome» тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Атырау облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері әшкереледі. 

Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салу ұсынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған, оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 млн теңгеден асатыны анықталды.

Сот үкімімен «QazHome» тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


Дереккөз: Inbusiness.kz