Ср. Дек 18th, 2024

Алматы облысының прокуратурасы Шерзат Болат және оның отбасына қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады

Қадағалау органы мәліметінше, Шерзат Болатты өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу аяқталуға жақын, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілген, барлық күдікті ұсталған.

«Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтіліп отыр, содан кейін іс процеске қатысушыларға танысу үшін беріледі. Сонымен қатар, Қаржаубай Нұрымовтың үйін өртеп жіберу және Нұрғанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары бойынша қылмыстық істерді тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында екенін хабарлаймыз. Қоғамды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамыз. Уәкілетті органдардың тек ресми хабарламаларына сенуді сұраймыз», — делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған, сондай-ақ ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат екені расталған.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS