Пт. Дек 6th, 2024

Шығыс Қазақстан облысындағы «Катонқарағай» ұлттық саябағында тағы бір барыс камераға түсіп қалды.

Шығыс Қазақстан облысының Аршатин орман шаруашылығында қызыл кітапқа енген сирек кездесетін барысты камераға түсіріп алды. Күш пен еркіндік символына айналған бұл жыртқыш Катонқарағай ұлттық паркінің мақтанышына айналды. Кадрларда барыс құрылғыға жақындап, тұмсығын тигізе жаздағанын көруге болады.

Айта кетейік, қазан айының басында «Көлсай көлдері» ұлттық саябағында қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы фототұзаққа түсіп қалған еді. Кейін Шарын ұлттық табиғи саябағында таутеке мен түлкі камераға түсіп қалған.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ