Чт. Май 9th, 2024

Тоқаев Қазақстанның алдында ауқымды мақсаттар мен міндеттер тұрғанын, даму мен ілгерілеуге жету үшін жаңаша көзқарас қажет екенін атап өтті.  

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 6 ақпанда Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын неліктен ұсынғанын түсіндірді.

«Үкімет құрамы өзгереді, жаңа тағайындаулар, жаңа тұлғалар болады. Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес, Премьер-министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті ұсынамын. Кандидатурасын «Аманат» партиясы ұсынған, ол тәжірибелі мемлекеттік қызметкер, жоғары білімді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбекқор. Сондықтан да жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға әлеуеті жеткілікті деп ойлаймын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Дереккөз: inbusiness.kz