Вс. Май 5th, 2024

NU-дың Атқарушы Вице-президенті болып Сәрінжіпов Аслан тағайындалды.

4 желтоқсанда Назарбаев Университетінің (NU) Қамқоршылық кеңесінің (ҚК) шешімімен NU-дың Атқарушы Вице-президенті болып Сәрінжіпов Аслан тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, ҚК шешімімен NU-дың жаңа вице-президенттері тағайындалды:

Біләлов Дархан, жоғары білім саласындағы PhD докторы. Бұрын «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы — Ректоры, ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлттық ғылым академиясының» вице-президенті қызметтерін атқарған.

Шоланов Ерлан, МВА магистрі. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің атқарушы директоры, Kozybayev University Басқарма төрағасы – Ректоры, «Нархоз университеті» КЕАҚ провосты лауазымдарын атқарған.

Уәлиева Әсел, DBA докторы. Бұған дейін Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің атқарушы директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі – Операциялық қызмет жөніндегі проректор қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, NU-дың жаңа басшылығының алдында тұрған негізгі міндеттері өзін-өзі қаржыландыруға кезең-кезеңімен көшу, әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастығымен сапалы интеграция және білім беру жүйесін дамыту мен ғылыми әлеуетті арттыруда қазақстандық университеттермен тығыз синергия мәселелері болып қала береді.


Дереккөз: inbusiness.kz