Қазақстандық оқушылар Анталиядағы 16-шы халықаралық пәндік олимпиадада тамаша өнер көрсетті. Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің он екі жоғары сынып оқушысы елдің қоржынына әртүрлі пәндер бойынша 30-ға жуық медаль салды.

Оқушылар ағылшын тілі, математика, химия, биология және орыс тілі пәндерінен жоғары білім деңгейін көрсетті. Әсіресе 11 IB сынып оқушысы Ульяна Сухорукова ағылшын тілі мен өнер бойынша екі бірінші орын, математика мен орыс тілінен екі екінші орын алып, ерекше нәтижеге қол жеткізді.
Анталия әкімшілігінің қолдауымен Туризм академиясы ұйымдастырған халықаралық олимпиадаға әлемнің түрлі елдерінен мыңнан астам қатысушы жиналды. Олардың арасында Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Балтық елдері, сондай-ақ Кения, Алжир, Нидерланды, Иран және Ливан өкілдері бар.
«Мирас» оқушылары академиялық жетістіктермен қатар спорттық жарыстарда да өздерін көрсетті. Олар жүзу мен шахматтан жүлделі орындарға ие болды, ал су полосы командасы екінші орын алды.
NNEF қоғамдық қоры құрған Астана мен Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектептері Қазақстандағы білім беру жүйесін халықаралық стандарттар бойынша табысты дамытуды жалғастыруда. Түркиядағы олимпиадада оқушылардың көрсеткен нәтижелері осы оқу орындарындағы дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір рет дәлелдеді.
Дереккөз: Нехабар