Чт. Май 9th, 2024

Челленджді бірінші болып елордалық №8 мектеп оқушылары қолдады. 

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында #МеніңСүйіктікітабым республикалық челленджі басталды. Мектеп ұжымымен және оқушылармен кездескен Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова оның маңыздылығын атап көрсетті.

«Оқушылар оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісіп, өздері үшін қолайлы орта құра алады. Мұндай іс-шаралар белсенді оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді деп үміттенеміз», — деді департамент директоры.

Бастама өскелең ұрпақ арасында оқуды дамытуға, олардың назарын әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларға аударуға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

  • Челлендж аясында ұйымдастырушылар кітап оқуға және кітап оқуды насихаттауға байланысты түрлі тапсырмалар әзірледі. Челлендж биылғы жылдың 28 ақпанынан 1 сәуірге дейін жалғасады.

Дереккөз: inbusiness.kz