Бас Ассамблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды.
Бүгін 26 ақпанда Астанада Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК-тың ресми сайтына сілтеме жасап.
Бас Ассамблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Бас Ассамблея мүшелері оның кандидатурасын бірауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.
![](https://inbusiness.kz/uploads/2024-2/FK26QQwC.jpg)
ҚР ҰОК Бас Ассамблеясы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша атқару комитеті мен тексеру комиссиясының келесі құрамы сайланды:
Бас хатшы: Жанар Азырқанқызы Өтешева;
Жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент: Данияр Әбілғазин,»Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы» ҚБ президенті;
Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент: Мамин Асқар Ұзақбайұлы, «Қазақстан хоккей федерациясы» РҚБ президенті;
Жалпы мәселелер жөніндегі вице-президент: Мырзабосынов Ербол Амантайұлы, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы;
Паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент: Сәпиев Серік Жұманғалиұлы, Олимпиада ойындарының чемпионы (2012).
Спортшылар Комиссиясының өкілі: ҚР ҰОК спортшылар Комиссиясының өкілі Рыпакова Ольга Сергеевна, Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016)
Ұлттық спорт федерацияларының өкілдері: Ахметов Даниал Кенжетайұлы, «Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясы» РҚБ президенті;
Баландин Дмитрий Игорұлы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы (2016);
Гаджиев Гаджи Шопиевич, «Ауыр атлетика федерациясы» ҚБ бірінші вице-президенті;
Есекеев Қуанышбек Бақытұлы, «Дзюдо федерациясы» РҚБ президенті;
Сүлейменов Диас Төлеутайұлы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық шаңғы қауымдастығының» президенті;
Өтемұратов Болат Жамитұлы, «Теннис федерациясы» РҚБ президенті;
Юсупова Әлия Махсутқызы, «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚБ президенті.
Тексеру комиссиясының мүшелері:
Төраға: Алпамысов Абай Әбдісаметұлы, «Ұлттық баскетбол федерациясы»РҚБ президенті Комиссия мүшесі: Серіков Роллан Серікұлы, Qazaq Kuresi федерациясының вице-президенті;
Әшімбеков Раббани Абдукамалұлы, «Қазақстан гимнастика федерациясы» ҚБ Бас хатшысы.
Дереккөз: inbusiness.kz