Пт. Дек 6th, 2024

23 наурыз күні кәмелетке толмаған үш баланың жоғалып кеткені туралы хабар тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, Маңғыстау облысының ТЖД-не 2024 жылғы 23 наурызда сағат 20:30 шамасында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кәмелетке толмаған балалар көшеге ойнауға шығып, үйлеріне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жоғалған ұлдар 2012 жылы, 2014 жылы және 2018 жылы туған.

Іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Жоғалған балалар 24 наурыз күні сағат 3:40-та көрші үйдің аумағындағы шаруашылық құрылысында табылды. Медициналық көмек қажет болмады.


Дереккөз: Inbusiness.kz