Пт. Апр 19th, 2024

19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасы өтті, оған қатысқан спортшылар саны рекордтық мәнге — 41-ге жетті, олар бес спорт түрі бойынша тоғыз дисциплинаға қатысты. 

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Боранбайұлы алқалы жиында Канвон-2024 IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасында өнер көрсеткен спортшыларымызды жоғары бағалады, деп жазады inbusiness.kz.

«Канвонда жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасы өткенін білесіздер. Қазақстан құрамасы Корея жеріндегі байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді тарихи жүлделермен қуантты. Жарыстың алғашқы күнінде Кореядан сүйінші хабар жетіп, шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных еліміздің қоржынына Олимпиада тарихында алғаш рет алтынды салды. Сонымен қатар шорт-тректен Полина Омельчук пен хоккейден ұлттық құрама ойыншылары Олимпиаданың қола жүлдегерлері атанды. Мұндай жетістіктер үздіксіз дайындық пен шексіз қолдаудың арқасы», — деді Ермек Боранбайұлы.

19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяда өткен IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасы Қазақстан тарихындағы ең сәтті қысқы жасөспірімдер олимпиадасы болды. Биылғы жылы Қазақстан атынан қатысқан спортшылар саны рекордтық мәнге — 41-ге жетті, олар бес спорт түрі бойынша тоғыз дисциплинаға қатысты.


Дереккөз: Inbusiness.kz