Ср. Май 22nd, 2024

Халық банкі мен «Даму» қоры кәсіпкер әйелдерді қолдау мақсатында «Үміт» бағдарламасын іске қосты. Жасалған келісім Қазақстанның барлық аймақтарында жеңілдетілген қаржыландыру алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24KZ тілшісі.

Жаңадан бастаған кәсіпкерлер де, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де қаржылық қолдау ала алады. «Үміт» бағдарламасы аясында қазақстандық іскер әйелдер субсидияларды есепке алғанда 7-8 пайыздық мөлшерлемемен 100 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген қаржыландыру ала алады. Несие инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі. Бұл ретте қолдау экономиканың жеткілікті кең ауқымына таралады.

 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Абдолла:

Біз келешегі жақсы, кең қамту болады деп жоспарлап отырмыз. Кәсіпкерлердің 100-ден астам жобасы қолдау ала алады. Өйткені ақша қайтарымды. Яғни, бастапқыда орналастыру, дамыту бар, содан кейін қарыз алушылар несиені қайтарғандықтан, бұл несиелер жаңадан келген кәсіпкерлерге беріледі.

Бұл Халық банкінің бірінші бастамасы емес. Бұл жолы бағдарламаға бөлінген жалпы қаражаттың «Халық» үлесі 50 пайыздан асады. Бұл отандық бизнесті қолдау саласындағы «Даму» қоры мен Қазақстанның маңызы зор жүйелі банктерінің бірі арасындағы сенімді қарым-қатынасты растайды.

 «Халық банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев:

 Әйелдер кәсіпкерлігі әсіресе шағын бизнес сегментінде белсенді дамып келеді. Бізде екінші деңгейлі банктер жағында орнатылған операциялық үлгі бар. Ал кәсіпкерлер бұл қолда бар қаражатты мемлекеттік қолдаудан қысқа мерзімде, ашық ала алады.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлер тегін оқудан өтеді. Бұл оларға бизнесті табысты жүргізуге қажетті білім алуға мүмкіндік береді.


Дереккөз: 24.kz