Вс. Ноя 24th, 2024

Атышулы Хасанға қылмыстық іс қозғалды

«Хуторские» қылмытсық тобына қатысы бар Хасан Қасымбаев 2021 жылы Алматы облысының тұрғынын ұрлап, ұрып-соғуға қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Ішкі істер министрлігі мұндай топ жоқ деп мәлімдейді, ал Қасымбаевтың өзі қылмыспен байланысын жоққа шығарады.

Алматы облысының полициясы оның 2 қарашада денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және адам ұрлау күдігімен ұсталғанын растады. Іс материалдары бұлтартпау шарасын қарау үшін сотқа жіберіліп, тергеуді облыстық полиция департаменті өз бақылауына алды.


Дереккөз: ORDA.KZ