Пт. Май 3rd, 2024

7 маусымда «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған Astana Finance Days 2023 конференциясында тұрақты даму қағидаттары мен құндылықтарын тиімді енгізгені үшін Halyk Best Green Investment Bank номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

Green Finance Awards жасыл экономикаға көшу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау идеяларын ілгерілетуге бағытталған.

Салтанатты рәсімде 2021-2022 жылдары Орталық Азия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Моңғолия өңірінде тұрақты қаржыландыру нарығын дамытуға үлес қосқан жеңімпаздар марапатталды. Жеңімпазды таңдау кезінде 5 номинацияның әрқайсысында экологиялық критерийлерге жауап беретін іске асырылған жобалар және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша қол жеткізілген нәтижелер ескерілді.

«Біз 2019 жылдан бері үшінші рет өткізіп жатқан Green Finance Awards сыйлығының жеңімпаздарына құрмет көрсеткенімізге қуаныштымыз. Үміткерлердің жоғары деңгейі бұл сыйлықтың өңірдегі ESG-қаржының дамуына үлес қосқан азаматтардың беделіне сай марапат екенін көрсетіп отыр. Біз өз елдері мен аймақтарында тұрақты қаржыландыруды ілгерілетуде айтарлықтай жетістіктерге жеткен адамдар мен компанияларға назар аудару үшін Green Finance Awards сыйлығын тағайындаған болатынбыз. Бұл жасыл  облигациялардың ең үлкен шығарылымдары немесе жасыл банкингтің ең жақсы тәжірибелері болуы мүмкін. Сыйлықтың басты мақсаты жеңімпаз ұйымдардың хабардарлығын арттыру болды. Сонымен қатар оларды тұрақты болашаққа жетуде климаттың өзгеруіне қарсы күресте осындай қиындықтарға тап болған нарық қатысушылары үшін үлгі ету», – деді АХҚО басшысы Ренат Бектұров.

«Best Green Investment Bank номинациясында өз клиенттеріне тұрақты инвестициялық-банктік өнімдердің кең спектрін ұсынуға және оларды неғұрлым тұрақты болашаққа қарай ілесіп жүруге тұрақты ұмтылысы бар қаржы ұйымдары ұсынылған. Біз Halyk-тің бизнеске тұрақты даму жолында көмектесуге деген ұмтылысына қосқан үлесі бағаланғанына шын жүректен қуаныштымыз және банк қаржы ұйымдары арасында инновациялардың бастаушысы және қоғамдағы оң өзгерістердің драйвері болады деп сенеміз», — деп атап өтті сыйлықтың ұйымдастыру комитетінде.

Best Green Investment Bank номинациясы бойынша жеңімпазды таңдау критерийлерінің бірі есепті кезеңде берілген «жасыл» қарыздардың көлемі болды. Осылайша, 2021-22 жылдар ішінде Halyk жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр станцияларын салу және пайдалану бойынша бірнеше жобаларды қаржыландырды.

Бұдан басқа, «Halyk Finance» АҚ банктің еншілес ұйымы «Самұрық-Энерго» жасыл облигацияларын шығару және орналастыру бойынша менеджері және букраннері болып табылады. Сондай-ақ «Даму» қорының әлеуметтік облигацияларын шығару мен орналастырудың қаржылық кеңесшісі және андеррайтері болды.

Экологиялық жауапкершілікті сезінетін ұйымның жоғары мәртебесін растай отырып, Halyk жақын арада «жасыл» автонесиелеу бойынша жаңа онлайн-процесті және электр көліктерін сатып алудың ерекше шарттарын жариялады. Нақтырақ айтсақ, автонесиелер бойынша стандартты мөлшерлемеден 1% жеңілдік күтілетінін мәлімдеді. «Жасыл» автонесие 6 айдан 84 айға дейінгі мерзімге жаңа электр автомобильдеріне де, жүгірісі бар электр автомобильдеріне де берілетін болады.

Банктің әлеуметтік қызметі қоршаған ортаны сақтаумен де тығыз байланысты. Halyk биыл жеке секторды – халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын Астана мен Алматыдағы 230 отбасының үйлерін газдандыру жобасын жалғастыруда. Жылыту маусымы басталғанға дейін банк қаражаты есебінен олар магистральдық газға толық қосылатын болады. Жобаны іске асыру үшін Halyk шамамен 230 млн теңге бөледі.

«Біз жасыл экономиканы нығайтуға қосқан үлесіміздің мойындалғанына ризамыз. Банк орнықты даму қағидаттарын енгізу бағытында орасан зор жұмыс жүргізуде және біздің күш-жігеріміз халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болғанына қуаныштымыз. Біздің клиенттеріміздің, акционерлеріміздің және серіктестеріміздің сенімі мен адалдығымен нығайтылған лайықты беделді марапаттар құрылған бизнес пен ойластырылған стратегияның тиімділігін дәлелдейді. Halyk командасы үшін бұл жаңа жеңістер мен жетістіктерге жету жолындағы ең жақсы мотивация», — деп атап өтті Halyk Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Көшенов.

2020 жылдан бастап Halyk Bank қазақстандық банктердің ішінде алғашқы болып, GRI халықаралық стандарттарына сәйкес жыл сайынғы ESG-есебін жариялау бойынша ерікті бастама қабылдады. 2023 жылдың қаңтарында БҰҰ-ның жаһандық шартына қосыла отырып, банк жыл сайын тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс туралы есеп беруге міндеттеме алды. Best Green Investment Bank номинациясындағы жеңіс Halyk-тың жылдар бойғы дәйекті және нәтижелі әрекеттерін мойындау болды.


Ақпарат көзі: Forbes.kz