Вт. Авг 25th, 2026

Ең жоғары берешек Алматы қаласында тіркелді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешектің сомасын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Коммуналдық қызметтерді тұрақты көрсетудің маңызды шарттарының бірі – тұтынушылардың берешегін өтеуі. Бүгінгі таңда заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешегі шамамен 19 миллиард теңге болды», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Ерсайын Нағаспаев ең жоғары берешек Алматы қаласында қалыптасқанын айтты.

«Дебиторлық берешектің жоғары болуы табиғи монополиялар субъектілеріне бекітілген инвестиция бағдарламасын толық іске асыруға мүмкіндік бермейді», – деп атап өтті ол.


Дереккөз: inbusiness.kz

Бөлісу