Ср. Май 1st, 2024

Депутаттар елімізде күрмеуі көп мәселелерді көтерді.

Мәжілісте туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев депутаттардың сұрағына жауап беріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отырыста депутат Қазыбек Иса қазақ футболына миллиардтап жұмсалып жатқанын, оны қысқарту керектігін тағы айтты. 

«Футболға бөлінетін шектеусіз қаражатты 1млрд 200 млн-ға қысқарттық деді. Бірақ ол әлі де шектелген жоқ.Футбол кәсіби спорт түрі. Неліктен бұған мемлекеттің қыруар қаражаты кетеді. Әлемде кәсіби спорт клубтарына мемлекет ақша бөлмейді. Біз неге бөлеміз? Ал дәл қазір тасқын су болып, ел үй-күйсіз отыр. Неге футболға бөлінетін ақшаны, тасқын суға көмек ретінде бөлмеске», — деді депутат.

Министр өз тарапынан аталған мәселелердің барлығы оң шешімін табады деп сендірді. 

Ал Ринат Зайытов бас бапкер Магомед Адиевті ауыстыру керектігін айтады.

“Оған тиді ғой деймін, ұлттық құрама ойсырай ұтылып жүр”, — дейді Зайытов.


Дереккөз: inbusiness.kz