Вс. Апр 28th, 2024

Құрлықтық дода 10-20 наурыз аралығында Щучье қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өткізіледі.  

Ақмола облысы Щучье қаласында биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді.

Қазақстан биатлоншылар Одағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрлықтық додада Азияның 7 елінен 100-ден астам жас спортшы келеді.

Жарысқа қатысушылар 3 сайыс түрі бойынша сынға түседі. Олардың қатарында Қытай Тайпейі, Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан, Таиланд және Қазақстан мемлекеттері бар.

Құрлықтық додада балалар мен жасөспірімдер биатлонын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Жарыс Азия биатлон федерациясының қолдауымен өткізіледі.

2025 жылы Қытайда Қысқы Азия ойындарын өткізу жоспарланып отыр.

Жарыс бағдарламасы:

  • 12 наурыз, сейсенбі- Жеке жарыс (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)
  • 13 наурыз, сәрсенбі- Жеке жарыс (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
  • 14 наурыз, бейсенбі- Спринт (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
  • 15 наурыз, жұма- Спринт (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)
  • 16 наурыз, сенбі- Із кесу (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
  • 17 наурыз, жексенбі- Із кесу (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)

Дереккөз: inbusiness.kz