Пт. Май 3rd, 2024

Ол судьядан өзін Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады.

Экс-министр Бишімбаевтың соты тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Түстен кейінгі сот отырысында Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың өзіне қысым жасап жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол судьядан өзін Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады

«Маған былай айт, былай деп жауап бер» деп қысым көрсетіп отыр», — деді Байжанов.

Ал оның қорғаушысы «Бишімбаев пен Байжанов сөз таластырып қалды. Бишімбаевтың Байжановқа сөйлейтін мүмкіндігі болмайтындай етіп, оларды бөлек отырғызуға бола ма?», деп сұрады. 

Судья бұл мәселенің қарастырылатынын айтты.


Дереккөз: inbusiness.kz