Пн. Ноя 25th, 2024

Қазіргі жанармай құю станциялары көлікке жанармай құятын орын ғана емес,  бүгінде – ол кең көлемде қызмет түрін көрсететін заманауи үлгідегі орталықтарға айналған.  GASENERGY жанармай құю кешенінде клиенттерге қандай қызмет түрлері көрсетіліп, қандай тауарлар ұсынылатыны жайлы, сондай-ақ неліктен компания өзін премиум-санаттағы автожанармай құю кешендерінің желісі ретінде танылып жүргені туралы «Автогаз Трэйд» ЖШС бас директоры Болат Балахметов  Forbes.kz-ке берген сұхбатта тарқатты.

Болат Қожахметұлы, GASENERGY ЖҚК желісінің тарихына тоқталып,  атқаратын қызметі туралы айтып берсеңіз…

– Біздің компания – «Автогаз Трэйд» ЖШС 2014 жылдың қараша айында құрылғаннан бері Қазақстан нарығында премиум-санаттағы GASENERGY автожанармай құю кешендерінің желісін ұсынып отыр. Бүгінгі таңда  еліміздің ірі 8 өңірінде, атап айтсақ: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе Тараз, Орал мен Қызылордада 47 GASENERGY автожанармай құю кешені жұмыс істейді. Сондай-ақ, серіктестеріміздің автожанармай құю кешендерінде орналасқан 30-дан астам газ станцияларымыз бар. GASENERGY-дің негізгі мақсаты – клиенттердің жоғары сапалы мұнай өнімдеріне деген барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру және оларға жоғары деңгейде қызмет көрсету.

GASENERGY нарықта өзін премиум-санаттағы жанармай құю кешендерінің желісі ретінде танытуда. Компанияның өзінде «премиум-санаттағы» деген ұғымды қалай түсінуде? Бәсекелестік ортадағы артықшылықтарыңыз неде?

– Әрине, «премиум-санат» деген ұғым көптеген аспектілерді қамтиды және GASENERGY үшін – бұл қызмет көрсетудегі артықшылық, жолға қажетті тауарлар түрлерінің саналуандығы, сондай-ақ сервистің жоғары деңгейде көрсетілуі деп білеміз. «Премиум-санат» деген ұғым біз үшін  – клиенттерімізге жайлы жағдай жасау, сенімділікке ие болу және инновация деген сөздердің синонимі.

Біз, ең алдымен, заманауи құрал-жабдыққа инвестиция саламыз және соңғы технологиялар мен инновацияларды енгіземіз. Инновацияларды енгізу біздің компаниямызға кәсіби салада көшбасшы қатарында танылып,  табысқа жетудің өзіндік жолын табуға мүмкіндік береді.  Екіншіден,  біз үшін маңыздысы – ол арнайы кәсіби оқытудан өткен,  клиенттердің алдында сыпайылық танытатын, кез келген жағдайда көмекке келуге дайын тұратын қызметкерлеріміз. Сондай-ақ жанармай құю кешендерінің дизайны мен жайлылығына аса назар аударамыз, басты мақсатымыз – клиенттеріміз жанармай құю кешендеріне келгенде барынша өздерін жайлы сезініп, демала алатындай жағдай жасау.

Бәсекелестік ортадағы артықшылықтарымыз туралы айтатын болсақ, GASENERGY-де  әр клиентке жеке көңіл бөлінуі тиіс деген қағидаға басымдық берілген. Бұл жай ғана жанармай құю бекеті емес, бұл – клиент өзін бағалайтынын,  оны құрметпен қарсы алатындығын сезіне алатын орын.

Осындай артықшылығымыздың мысалы ретінде айтар болсам,  клиенттерге бірқатар бонустар мен жеңілдіктер қарастырылған, сондай-ақ басқа ЖҚК-де кездесе бермейтін бірегей қызмет түрлерін ұсынатын бейілділік бағдарламасы бар.

Мысалы, кешкі 11-ден кейін кофе сатып алған әрбір клиент жанармай құюға жеңілдік алады. Бір қарағанда, кішігірім жеңілдік сияқты көрінгенімен, десе де бұл клиентке жағымды бонус.

Клиенттерімізге тек ең жақсыны ұсына отырып,  үнемі өзімізді жетілдіре түсуге тырысудамыз.

Қазіргі жанармай құю станциялары көлікке жанармай құятын орын ғана емес, кең көлемде қызмет көрсететін заманауи үлгідегі орталықтарға айналған.  GASENERGY өз клиенттеріне сапалы жанармайдан басқа қандай қызмет түрлерін ұсынады?

– Иә, өте дұрыс айтасыз. Қазіргі жанармай құю кешендері көптеген қызмет түрін қатар ұсынатын көпфункционалды орталықтарға айналуда. GASENERGY-де бұл үрдісті жақсы түсінеміз және клиенттерімізге барынша жайлы жағдай жасап, қызметтің саналуан түрін ұсынуға тырысудамыз. Сондықтан сапалы жанармайдан басқа, клиенттер үшін ыңғайлы шағын маркеттер ашылған.

Онымен қоса, клиенттеріміз әрдайым байланыста болуы үшін, тіпті, жол жүріп бара жатып та жұмыс істей алатын мүмкіндігі болуы үшін тегін Wi-Fi-ға қосылу қарастырылған. Ал асығыс не бос уақыты жоқ клиенттерге арнап GASENERGY ЖҚК желісінде байланыссыз жанармай құю бекеттері іске қосылған.

Бейілділік бағдарламасы жайлы кеңірек тоқталып өтейін, тұрақты клиенттер Vlife қосымшасы арқылы бірқатар артықшылықтар, арнайы ұсыныстар мен бонустар ала алады. Біз көрсетілетін қызметтер аясын одан әрі кеңейту мен оны жетілдіру үшін клиенттеріміздің қажеттіліктері мен тілектерін үнемі талдап отырамыз.

Басты мақсатымыз – жанармай құю кешеніне келетін клиенттердің әр сапарын барынша жағымды әрі тиімді ете білу.

Білуімізше, ірі қалалардан басқа, жанармай құю кешендеріңіз Алматы– Шелек–Қорғас тас жолында да орналасқан. Яғни, бұл ҚХР-дан тауар тасымалдайтын кәсіпкерлерге ыңғайлы ма?

– Иә, біздің GASENERGY ЖҚК желісінің орналасу кеңістігі ауқымды. Біздің жанармай құю кешендеріміздің ірі қалаларда ғана емес, Қазақстанның басты көлік жолдарында да орналасуына аса мән береміз.

Қазақстанда жол бойындағы сервисті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында, Батыс Еуропа-Батыс Қытай бағыты бойынша республикалық маңызы бар көлік жолдарының бойында 2019 жылдан бастап көп отын түрін ұсынатын,  ультра заманауи автожанармай құю кешендерін салу жөніндегі бағдарламаны іске асырудамыз және бұл жобаны 2026 жылға қарай толық аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Алматы-Шелек-Қорғас тас жолына келетін болсақ, ол Қазақстанды Қытаймен байланыстыратын өңірдегі ең тығыз әрі стратегиялық маңызды жолдардың бірі болып табылады. Қозғалыс қарқындылығын, әсіресе жүк көліктерінің қозғалысын ескере отырып, біз осы жол бойында жанармай құятын станциялар ашу туралы шешімге келдік.

Бұл тек ҚХР-дан тауар тасымалдайтын кәсіпкерлер үшін ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар экономикалық тұрғыдан да маңызды. Осы жолдың бойында орналасқан ЖҚК арқасында тасымалдаушылар артық жол жүріп немесе жанармай құятын балама орындар іздеп әуре болмай-ақ, біздің қызметіміздің барлық артықшылықтарын пайдаланып,  көлікке сапалы жанармай құйып алатындықтан, өз маршруттарын алдын-ала сенімді түрде жоспарлай алады.

Сондай-ақ, бұл тас жолда орналасқан көптеген кешендерімізде көлік жүргізушілеріне арналған демалыс орындары, жуынатын бөлмелер мен дәмханалар сияқты қосымша  жабдықталған жайлы жағдайлар қарастырылғанын атап өткен жөн, мұның барлығы әсіресе ұзақ сапарға шығатын көлік жүргізушілерге аса маңызды екені сөзсіз. Осылайша өз қызметіміз арқылы кез келген көлік жүргізушісі мен жолаушының  сапары барынша жайлы әрі ыңғайлы болуы үшін барымызды саламыз.

Компания өзінің жанармай құю станцияларының санын көбейтуді жоспарлап отыр ма? Жанармай сатудан басқа қай бағытты дамытуға мән бермексіздер?

– Ең алдымен, көрсетілетін  қызметтердің, ұсынылатын өнімдердің сапасын арттыру, жаңа қызмет түрлерін ұсыну және цифрландыруды енгізу. Біздің басты мақсатымыз – клиенттердің ең жоғары талғамына сай болу. ЖҚК желісін кеңейтуге қатысты айтар болсам,  жаңа автожанармай құю кешендерін салуды қамтитын даму бағдарламамыз бар.

Одан қалды, соңғы жылдары  байқап отырғанымыздай, тұтыну тауарларына деген сұраныс арта түскен. Бұл қазіргі нарықтағы трендке сәйкес келетін үрдіс. Мысалы, кофеге сұраныс  жоғары. Сондықтан біз  ең сапалы дәндерді, премиум санаттағы  кофе машиналарын, сапасы жоғары сүтті және т. б. тауарларды сатып алуға аса назар аударамыз.

Сонымен қатар, клиенттердің тұтынушылық сұранысы мен қажеттіліктерін үнемі зерттеп отырамыз,  осылайша ЖҚК-де қосымша қызметтерді енгізу мүмкіндігін қарастырамыз. Жанармай құю кешендері саласындағы әлемдік үрдістерді де  қаперден шығармауға GASENERGY-де аса мән берілген. Мысалы, біз ЖҚК-дегі мультимедиялық аймақтардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз,  бұл көлікке жанармай құйылғанша жүргізушінің тынығып алуына мүмкіндік береді. Бұл аймақтарда көлік жүргізушілері  ауа райы, жол жағдайы жайлы қажетті ақпараттан хабардар болып,  дәмді кофе ішіп, тынығып алуына жағдай жасалады.  Мұның барлығы GASENERGY жанармай құю бекеттеріне  келетін клиенттердің әр сапары жайлы әрі тиімді болуы масқатында жасап отырған қадамдарымыз.

Біз өз жұмысымызда халыққа қажетті жағдайды қамтамасыз ете отырып, жалпы қоғамды дамыту және кейінгі ұрпаққа қоршаған ортаны барынша сақтау қағидасын  ұстанамыз.


Дереккөз: Forbes.kz