Чт. Май 9th, 2024

Іріктеудің үшінші кезеңінде 172 қазақстандық стипендия иегері атанды.

Конкурстық іріктеуге қатысуға келіп түскен өтінімдердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе артқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның ішінде 138 адам магистратурада, 8 адам докторантурада білім алса, 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттарды таңдаған.

Айта кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға өтінім қабылдау төрт лекке бөлінген.

Соңғы лекке 15 қыркүйекке дейін құжат қабылданады.

Ал ғылыми тағылымдама бағдарламасына 13 қазанға дейін құжат тапсыруға болады.

Стипендиаттар тізімін мына сілтемеден көруге болады.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz