Чт. Май 9th, 2024

Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.  

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісіне тағы үш бап қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында «Қылмысты жасыру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оның аясында «Гастро-орталықтың» директоры қамауға алынды.

Астана Полиция департаментінің хабарлауынша, сонымен қатар «Қылмыс туралы хабарламаған» және «Қауіп-қатерге қалдырып кеткен» деген баптар бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Ішкі істер министрлігінің басшылығы тергеу барысын өз бақылауына алды. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.


Дереккөз: inbusiness.kz