Ср. Дек 18th, 2024

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді», – деп жазды Ерлан Қарин.

Айта кетейік, осыған дейін ЮНЕСКО Бас конференциясы 42-ші сессиясының төрағасы Симона Мирела Микулеску көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгенін айтқан болатын.


Дереккөз: inbusiness.kz