Видео пайда болғаннан кейін Абылай Бисқалиев медициналық тексеруден өтіп, оның мас емес екені анықталған.
12 тамызда Батыс Қазақстан облысының табиғатты қорғау прокуроры Абылай Бисқалиевтің көшеде мас күйінде жүрген видеосы тарады. Осы видеодан кейін оның үстінен қызметтік тергеу жүрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Umarovnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаев қызметтік тексерудің қорытындысы шыққанын хабарлады. Видео пайда болғаннан кейін Абылай Бисқалиев медициналық тексеруден өтіп, оның мас емес екені анықталған.
“Фото мен видеоның түсірілген күнін нақты анықтау мүмкін болмады. Видео талқыға түсіп кетті. Әдеп кодексіне сәйкес, прокуратура қызметкерлері қоғам мен мемлекеттің алдындағы жауапкершілікті түсініп, мемлекеттік биліктің беделін түсіріп, мемлекеттік институттарға деген сеніміне кері ықпал етіп, теріс қоғамдық пікір тудыратын әрекеттерге жол бермеуге тиіс», – деп атап өтті БҚО прокуратурасы.
Анықталғандай, 15 тамызда жүргізілген қызметтік тексеріс қорытындысы және облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясының ұсынысы негізінде Абылай Бисқалиев қызметтік талаптарды толық орындамағаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
«Мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-этикалық мінез-құлқына қойылатын жоғары талаптарды түсінген Бисқалиев өз еркімен қызметінен босатуды сұрады. 20 тамызда ол Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры қызметінен босатылды», – делінген ресми жауапта.
Дереккөз: inbusiness.kz