Пн. Окт 7th, 2024

Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы, жастар ісі бойынша министрлердің 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясының ұсынысы бойынша бекіткен. 

Сонымен қатар, бұл күнді атап өту — жастар мүддесін қорғауға арналған Бүкіләлемдік іс-әрекет бағдарламасын жүзеге асыруға және ол туралы жастарды хабардар етуге бағытталған. Бұл бағдарламаны 1995 жылы БҰҰ қабылдаған болатын. Ал 2007 жылы кеңейтілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бағдарлама 15 бағытты қамтиды. Олар: білім, жұмыспен қамту, аштық және кедейлік, денсаулық сақтау, қоршаған орта, нашақорлық, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, бос уақытты ұйымдастыру, арулар мен жас келіншектер, жастардың қоғам өміріне және шешім қабылдау үдерісіне толыққанды және тиімді араласуы, жаһандану, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, АҚТҚ/ЖҚТБ, қарулы қақтығыстар және ұрпақтардың өзара қарым-қатынас мәселесі.

БҰҰ классификациясы бойынша жастардың жас ерекшеліктері — 15 жастан 24 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.


Дереккөз: inbusiness.kz