Вт. Ноя 26th, 2024

Мереке қонақтары үшін «Мисон» корей халқы ансамблінің барабандары мен билерінен шоу-бағдарлама дайындалды. 

Ұйымдастырушылар қатысушыларды әдет-ғұрыптармен, дәстүрлі тағамдармен, ойындармен және корей мәдениетінің өзге де қыр-сырымен таныстырды. Сондай-ақ мерекеде атқарылған жұмыс үшін бір-біріне алғыс білдірді.

«Бүгін біз Оңтүстік Кореяда да, бүкіл әлемдегі барлық диаспораларда егін жинағаннан кейін атап өтілетін дәстүрлі Чусок мерекесін атап өтеміз.
Корейлер өсімдік және көкөніс өсірумен айналысады, аграрлық бизнесте және ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Сондықтан мереке қыркүйек айының соңында, егін толығымен жиналған кезде тойланады», – деді Астана қаласындағы «Қазақстан корейлер қауымдастығы» филиалының төрағасы Хон Атам.

Сонымен бірге қонақтар кәдесыйлар, корей тағамдарын сатып алып, ұлттық тағамдармен жақынырақ таныса алады.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz