Вт. Дек 24th, 2024

Бес жыл бұрын құрылған Astana IT University осы аралықта білім беру технологиялары саласында көшбасшы оқу орнына айналды. 

Бұл АҚШ-тағы Қазақстанның құрметті консулы Хью Холманның білім ордасына келген кездесуде берген бағасы.  Дипломат ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ «NNEF» қоғамдық қорының негізін қалаған Динара Құлыбаеваға университеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Astana IT University — бұл тек оқу орны емес, жастарды алдағы сын-қатерлерге дайындайтын бірден-бір үлгі боларлық орта», – деді Хью Холман университет кампусына сапары кезінде.

Университет дәстүрлі білім беру мен заманауи технологияларды ұштастыра білген білім ордасы, бүгінде студенттерге әлемдік стандарттарға сай білім беруде. Astana IT University Динара Құлыбаева негізін қалаған «NNEF» қорына қарасты білім беру кластеріндегі оқу орындарының бірі. Білім ордасының дамуына Тимур Құлыбаев «Halyk» қайырымдылық қоры арқылы қолдау көрсетеді. Айта кетейік, университеттің белді оқу орнының бірі ретінде қалануына «NNEF» қоры шешуші үлес қосып, қаржы бөліп, инфрақұрылымның дамуын қамтамасыз етіп, оқу орнына ең үздік оқытушыларды тартқан болатын.
 

Ал 2024 жылғы сәуірде Ұлыбританияның сол кездегі Сыртқы істер және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға іссапары барысында Astana IT University-ге келіп, оқу орны болашақ мамандарды дайындайтын маңызды алаңға айналғанын атап өткен болатын.


 

Мұндай ірі тұлғалардың оқу орнына келіп, жоғары баға беруі білім ордасының халықаралық білім беру ортасындағы мәртебесін тағы бір айқындай түсері сөзсіз.


Дереккөз: inbusiness.kz