Пт. Фев 23rd, 2024

Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«АЛЖИР» мұражайында лифт құлауы салдарынан екі әйел жарақаттар алды. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«16 шілдеде Целиноград ауданы кезекші полиция бөліміне 1940 жылы туған елорда тұрғыны және 1969 жылы туған Ақмол тұрғыны ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Алдын ала анықталғандай, «АЛЖИР» мұражайында лифт құлауы салдарынан екі әйел дене жарақатын алған», — деп жазылған полиция хабарламасында.

Целиноград ауданы, Ақмол ауылындағы «АЛЖИР» мұражайында лифттің құлауы фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Ақпарат көзі: Inbusiness.kz