Чт. Ноя 21st, 2024

Қазіргі уақытта автобус жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең көпірінен автобус ұшып кетіп, бірнеше адамы бар спринтердің үстіне құлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

12 қыркүйек күні түнгі сағат он шамасында Алматы-Бішкек халықаралық жолының үстінен өтетін көпірден Қаскелең қаласына кетіп бара жатқан автобус құлап кетті. Оқиға салдарынан бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.

Автобус көпір үстіндегі бетонды бұзып, темір қоршауды ұшып кеткен. Қоғамдық көлік Қаскелең автобус паркіне тиесілі. Үстіне автобус түскен спринтерде де жолаушылар болған.

Алайда, жол апатынан кісі шығыны жоқ.

Жүргізуші қалааралық жолаушы тасымалында тәжірибесі мол орта жастағы адам. Алдын-ала болжам бойынша жүргізушінің рөлге ие бола алмауына денсаулығы себеп болуы мүмкін, өйткені ол қант диабетімен ауырады екен. Бұны оның туыстары да растап отыр.


Дереккөз: inbusiness.kz