Ср. Янв 22nd, 2025

Алматыда тағы бір заңсыз нысан сүріліп жатыр

Бұл жолы Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үй сүріледі. Басқарма мәліметінше, меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – СЖТ, эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған.

Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

«Кейін басқарманың талап арызы бойынша Алматы Жетісу аудандық сотының 2023 жылдың 7 қыркүйегіндегі шешімі бойынша заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді сүру туралы қаулы шығарылды. Нысанды бұзу жұмыстары меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS