Ср. Май 8th, 2024

Алматыда 23-24 желтоқсан күндері каратэден бүкіләелмдік WKF халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа 6 елден 700-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Іс-шараға қазақстандық спортшылардан бөлек, 5 елден: Украина, Өзбекстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген каратэшілер қатысады.

Іс-шараның ұйымдастырушысы «Қазақстан каратэ федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі болып табылады.

Турнирдің басты демеушісі — «Халық» қайырымдылық қоры.

Екі күндік жарыс Алматы қаласы «Достық» спорт кешеніндне өтеді (Абай даңғылы, 48а).


Дереккөз: «Халық» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі