Чт. Дек 26th, 2024

Алматы іргесінде денесі сөмкеден табылған әйелдің өлімі туралы мәліметтер белгілі болды

Қайтыс болған әйелдің анасы 39 жастағы қызын азаптап, айуандықпен өлтіргенін айтады. Мәйіт табылғаннан кейін екі күн өткен соң, күдікті ұсталды. Қайтыс болған әйелдің анасының айтуынша, күдікті қызымен бірге жалға алған пәтерге барған. Алайда ер адам пәтерден үш күннен кейін ғана шыққан, содан кейін қолында үлкен пакетпен қайта оралған, оған мәйітті салған болуы мүмкін екені айтылды. Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады.

«Меніңше, бұл қылмысты бір адам жасамаған. Оның бетінде сау жер қалмаған. Алғашында оны тіпті танымай қалдым. Көзін ағызып, тістерін сындырған. Күдікті ішімдік ішіп, демалуға барғанын айтады. Сосын қызым жуынуға кіріп, құлап қалған-мыс. Ал ол қорқып, денесін лақтырып жіберген. Бірақ неге онда оның сау-тамтығы қалмаған?» – деп қайтыс болған әйелдің анасы Жанна Тұрсынбаева мәлімдеді.

Әйелдің айтуынша, қызының өліміне үйді жалға беруші иесі де қатысты бар болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, желтоқсанның басында Алматыдағы аулалардың бірінен әйелдің мәйіті табылған болатын. Алматы полициясы бұл факт бойынша Түрксіб аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS