Сб. Ноя 23rd, 2024

Прокуратура мәліметінше, Алматы шекарасы кеңейтілген 2014 жылы Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді. Сол кезде «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС Алматы облысы Қарасай ауданындағы құны 7 млрд теңге болатын 30,9 га жерді қосалқы шаруашылық жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.

«Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Сот шешімі күшіне енген жоқ», делінген прокуратура хабарламасында.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz