Сб. Июл 27th, 2024

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында «WTT Youth Contender Almaty» турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ҚР үстел теннисі федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

25-28 шілде аралығында өтетін турнирге әлемнің 13 елінен, атап айтқанда Қытайдың Тайбэйі, Гонконг, АҚШ, БАӘ, Италия, Бельгия, Оман, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 159 спортшы қатысады. 

Жарыс мындай категорияларда өтеді:

  1. Ұлдар мен қыздар, 11 жасқа дейінгі жеке разряд;
  2. Ұлдар мен қыздар, 13 жасқа дейінгі жеке разряд;
  3. Жасөспірім ұлдар мен қыздар, 15 жасқа дейінгі жеке разряд;
  4. Жасөспірім ұлдар мен қыздар, 17 жасқа дейінгі жеке разряд;
  5. Жасөспірім ұлдар мен қыздар, 19 жасқа дейінгі жеке разряд;
  6. 15 жасқа дейінгі аралас жұптық разряд;
  7. 19 жасқа дейінгі аралас жұптық разряд.

Ақпарат көзі: prosports.kz