Пн. Апр 22nd, 2024

17 қараша күні сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін «Медеу» биік тау мұз айдынына студенттік билетті көрсетіп, тегін коньки тебуге болады. 

Халықаралық студенттер күнін мерекелеуге арналған «Almaty Students Week» акциясы аясында Алматы әкімдігі кәсіпкерлермен бірлесіп студенттерге жеңілдіктер жасау акциясын бастады.

Сонымен қатар, қаладағы дүкендер, дәмханалар, мейрамханалар мен кинотеатрлар жастарға жеңілдетілген баға ұсынады.

Мысалы, бүгін сіз «SaparLa Travel», «Нұрлы Саз» домбыра курстарын, «Kulshe qyz» тәттілері мен торттарын, «Отбасы хрестоматиясы» кітаптарын, «Tagam» асханасын, «Тамшы» дәмханасын, «Бауырдақ» qazaq fastfood дәмханасын, «KELIN» дәмханасы мен Print Students баспа орталығының қызметтеріне жеңілдік ала аласыз.

Бұған қоса, Kinopark & Kinoplexx кинотеатрлар желісі қаланың барлық студентіне арналған «Бесбармақ» қазақстандық жастар комедиясына 500 теңгелік билет ұсынады.

Жеңілдік мұнымен шектелмейді! Sputnik Mall, MEGA Alma-Ata, Asia Park, MEGA Park, «Рамстор», «ОӘД» сауда ойын-сауық орталықтарында кофеге, киімге, аяқ киімге және т.б. жеңілдіктер беріледі, деп жазылған Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.


Дереккөз: Inbusiness.kz