Пт. Май 3rd, 2024

Еріктілер жоғалған тракторшыны табуға көмек сұрауда. 

Абай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының жергілікті жұртшылығы «Семей орманы» орман шаруашылығындағы орман өртін сөндіру кезінде із-түссіз жоғалып кеткен тағы бір адамды іздеуге көмек сұрап өтініштерін жариялап жатыр.

«Табуға көмек сұраймыз. Трактор нөмірі — F 937 ARE. Шақыру белгісі — марал 61. Архипов Сергей Николаевич, 1987 ж.т. «Семей Орманы» Долон бөлімшесінен шыққан өртті сөндіруге кеткен, соңғы рет 9 маусым байланысқа шыққан. Егерде бұл ер адамды көрген-білгендер болса +7 771 582 2159 нөміріне хабарласыңыз», — делінген ақпаратта.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz