Сб. Июл 27th, 2024

Зейнеткерге 18 460 теңге айыппұл салынды. 

Ақтаудағы көппәтерлі үйдің подъездінде дәретін сындырған ер адамның әрекеті тұрғындардың ашуына тиді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 911.aktau Instagram-парақшасына сілтеме жасап.

Ақтауда 5-шағын аудандағы №1 үйде лифттің жанында дәрет сындырған қарт адамның видеосы жарияланды. Оқиға 17 мамырда болған.

“Үйдің маңында дүкен, компьютер клубы, банк, нотариус, кафе бар. Солардың дәретханасына кіруге болады ғой, бірақ жоқ, адамдар мүлдем ойланбайды. Бұл жерде подъезді жөндеу жұмысына керек кафель бар, ер адам оның үстіне нәжісін қалдырып кеткен. Осыдан кейін біреудің пәтеріне кіріп кетті. Ал енді оның артынан кім тазалауы керек?” – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті қаскөйді анықтағанын хабарлады. Ол 66 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Оған қатысты Әкімшілік кодекстің 434-2 бабы “Қоғамдық орындарды ластау” бойынша хаттама толтырылды. Бұл құқықбұзушылық үшін 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл қарастырылған.

Желі қолданушылары өз болжамдарын жасап жатыр. Бірі ер адам әйелге қонаққа келген және оның үйіндегі дәретханаға баруға ұялған деп ақтамақ болды.


Дереккөз: inbusiness.kz