Пн. Авг 17th, 2026

Қазақстандық спортшы Головкин Украина қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тұлғалар тізіміне енгізілді.

Қазақстандық боксшы, World Boxing президенті және Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украиналық «Миротворец» сайтының деректер базасына енгізіліп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Геннадий Головкиннің аты-жөні аталған базаға 15 тамызда енгізілген. Ресурста оған Ресей спортшыларына қатысты халықаралық шектеулердің алынуына байланысты айып тағылған.

Бұған дейін World Boxing ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді алып, олардың халықаралық жарыстарда өз елінің туы мен әнұранымен өнер көрсетуіне мүмкіндік берген еді. Бұл шешім Головкин басқаратын ұйымның Ресей спортшыларына қатысты ұстанымын өзгерткенін көрсетті.

Геннадий Головкин 2025 жылдың қарашасында World Boxing президенті болып сайланды. Ал 2024 жылдан бері Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетін басқарып келеді.

Головкин кәсіби бокста орта салмақта әлемнің бірнеше нұсқасы бойынша чемпион атанып, мансабын 42 жеңіс, бір жеңіліс және екі тең нәтижемен аяқтаған. 2026 жылы оның есімі Халықаралық бокс даңқ залына енгізілді.


Дереккөз: Inbusiness.kz

Бөлісу