Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Туған жылы: 1986 жылы 23 қазан
Туған жері: Қарағанды облысы Теңіз ауданы Баршын ауылында дүниеге келген.
Білімі: 2005 жыл — Қаз МЗУ Гуманитарлық заң колледжі
2008 жыл — Қазақ гуманитарлық заң университеті
2010 жыл — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
12.12.2008 — 18.02.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы м.а., Астана қаласы;
18.02.2009 — 16.07.2009 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, Астана қаласы;
16.07.2009 — 28.10.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
28.10.2010 — 23.11.2010 ж. – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
23.11.2010 — 07.03.2013 ж. – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
07.03.2013 — 26.08.2013 ж. – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы, Астана қаласы;
26.08.2013 -08.08.2016 ж. Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, Астана қаласы;
09.08.2016 — 01.08.2017 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы, Астана қаласы;
02.08.2017 — 31.01.2019 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;
01.02.2019 — 03.07.2019 ж. — Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі;
04.07.2019 — 28.08.2019 ж. – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Аппарат басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан;
29.08.2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы.
02.2022 ж қазіргі уақытқа дейін – Астана қаласы әкімінің орынбасары.