Вт. Июн 16th, 2026

Ол Испаниямен өткен ойында 7 сәтті сейв жасады.

Осылайша, Кабо-Верде қақпашысы Возиньяның Instagram парақшасындағы оқырман саны 50 мыңнан 5,5 миллионға дейін көбейіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Мен бұл күнді өмір бойы армандадым. Біз осы сәтті ұзақ күттік. Командадағы әр ойыншы барын салды. Испанияның әлемдегі ең үздік құрамалардың бірі екенін білдік, сондықтан бұл нәтиже – біз үшін ерекше қуаныш, – деді ол ойыннан кейін эмоциясын жасырмай.

Еске салайық, әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі матчта ол испаниялықтардың бірнеше қауіпті соққысын қайтарып, әлемдік футбол жанкүйерлері мен журналистерінің назарына ілікті.


Дереккөз: inbusiness.kz

Бөлісу