Қазан айында отандастарымызды 25 қазан Республика күніне байланысты ұзақ демалыс күтіп тұр.
2025 жылы мереке сенбіге түсіп тұрғандықтан, «Мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
- 5 күндік жұмыс аптасы бар адамдар үшін 25-тен 27 қазанға дейін үш күндік демалыс болады.
- 6 күндік жұмыс аптасындағылар үшін 25 және 26 қазан демалыс болып, 27 қазан жұмыс күні болып саналады.
Республика күні Қазақстанда 2022 жылдан бері қайта қалпына келтіріліп, жыл сайын тойланып келеді.
Дереккөз: inbusiness.kz