Ср. Июл 2nd, 2025

Бұрынғы шенеуніктің мүлкі тәркіленді. 

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді. Әділет экс-министріне қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша тергелген. Тергеу «құпия» белгісімен жүргізілгендіктен, іс материалдары мен қылмыс мән-жайлары жария етуге жатпайды», – деді Данияр Бигайдаров брифингте.

Айта кету керек, бұрынғы министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын хабарлаған болатынбыз. Оның елден қашпақ болған жерінен ұсталғаны белгілі болды.


Дереккөз: inbusiness.kz