Пн. Июл 14th, 2025

Астана қаласы 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізетін қала ретінде таңдалды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Үстел теннисі федерациясына сілтеме жасап.

Бұл тарихи шешім Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясының отырысында қабылданды. Жиын барысында 2027, 2028 және 2029 жылдары өтетін әлем чемпионаттарын қабылдайтын елдер анықталды.

Бірінші раунд қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, жарыстан шығып қалды. Екінші раундқа Қазақстан мен Франция өтті.

Финалдық дауыс беру нәтижесінде дауыстар келесідей бөлінді:

Франция – 45,32%. 

Қазақстан – 54,68%;

Осылайша, еліміз тарихта алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайтын болды.

ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті – Данияр Әбілғазин.


Дереккөз: inbusiness.kz