Сб. Апр 26th, 2025

Алматыда жедел жәрдем көлігінің алдына түсіп алып, жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды

Алматы полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 сәуір сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.

Toyota көлігінің жүргізушісі шамы қосылып тұрған жедел жәрдем көлігіне жол бермей, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 598-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзған.

«Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған қатысты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — делінген хабарламада.

Алматы қалалық полициясы жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге қатысты жүргізу тәртібін сақтау тек заң талабы ғана емес, адам өмірінің мәселесі екенін ескертеді.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ