Астанада көпқабатты үйдің ауласында жүк көлігі баланы қағып кетіп, ол қаза тапты
Қайғылы жағдай 23 сәуір, сәрсенбіде «Капитал Парк» тұрғын үй кешенінде болған. Астана Полиция департаментінің мәліметінше, Dongfeng маркалы жүк көлігін тізгіндеген 38 жастағы жүргізуші Әл-Фараби көшесіндегі аула ішінде велосипед теуіп келе жатқан алты жастағы баланы қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасынан кейін бала ауруханаға жеткізілген, алайда алған жарақаттарынан қаза болды.
Астана Полиция департаменті жүргізушілерге аулалар мен тұрғын үй аймақтарында барынша сақ болуды және жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS