Сб. Дек 28th, 2024

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Маңғыстау облысында үш қазақстандықты ұстады

2024 жылдың 20 желтоқсанында ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті.

«Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді», — делінген хабарламада.

Бұған дейін, қарашада ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 келіден астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылған.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізілңп жатқаны айтылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS