Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының дәрігерлері Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушыларының жағдайы туралы айтып берді
Маңғыстау облыстық аурухана мәліметінше, қазіргі уақытта ауруханада алты науқас ем алып жатыр.
«Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы аса ауыр, үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Екі науқас травматология бөлімінде емін жалғастырып жатыр», – делінген хабарламада.
Облыстық көпсалалы ауруханада емделіп жатқан науқастардың ішінде үшеуі — Әзербайжан азаматтары, ал үшеуі — Қырғызстан азаматтары.
«Барлығы қажетті ем-шараларды толық көлемде алып жатыр», – деп қорытындылады аурухана өкілдері.
ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS