Вс. Сен 29th, 2024

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» – 2024 ұлттық сыйлығы номинанттарының тізімі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық бәйге 12 номинация бойынша өткізілді. Байқауға барлығы 400 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстарды беделді журналистер мен медиа менеджерлерден құралған қазылар алқасы анықтады.

«Үркер» – 2024 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 27 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді.

Жеңімпаздарға «Үркер» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.

Айта кетейік, сайтымыздың тілшілері Майра Медеубаева «Жылдың үздік журналистік зерттеуіне», Нұрлан Оразғалиев «Жылдың үздік сұхбатына» үміткер атанып отыр.


Дереккөз: Inbusiness.kz