Дағыстанның Махачкала және Дербент қалаларында лаңкестер шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шабуылдан діни қызметкер мен күзетші қаза тапқан.
Қазірге лаңкестердің нақты саны белгісіз.
Атыс кезінде 6 полицей көз жұмды. 12 полицей жараланған. Күрес әлі жалғасып жатыр.
Қаладан шығар жолдар толықтай жабылған. Әр көлік тексерілуде.
Дереккөз: inbusiness.kz