Бұл туралы кәсіпкер өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды.
Оның кандидатурасы паралимпиадалық федерациялар өкілдерінің шешімімен бірауыздан бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мен үшін бұл өте маңызды лауазым. Біз Қазақстанда паралимпиада қозғалысын дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асыру процесіндеміз. Кейінгі жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерімізге қарамастан, бізде көп жоспар бар, соның арқасында Қазақстан параспорттаушыларды кәсіби түрде дайындай алатын, оларға жоғары көңіл бөлетін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсететін елдің беделін одан әрі нығайта түседі, — деп атап өтті Боранбаев.
Ол 2015 жылдан бастап Ұлттық паралимпиада комитетін басқарып келеді.
Дереккөз: inbusiness.kz