Дарынды балалардың «Мирас» халықаралық мектептерінде гранттар бағдарламасы бойынша оқуына «Халық» қайырымдылық қоры мен «NNEF» қоғамдық қоры қолдау жасап отыр.
ОҚУДЫҢ КОНКУРСЫ
Астана және Алматы қалаларындағы «Мирас» мектептерінде Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламалары бойынша білім беру гранттарының конкурсы 2021 жылдан бастап өте бастады. Оның ұйымдастырушылары «Халық» жеке қайырымдылық қоры мен «NNEF» қоғамдық қорының мақсаты — дарынды жастардың және көпбалалы, сондай-ақ толық емес отбасылардан шыққан балалардың халықаралық деңгейде сапалы білім алуының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
ГРАНТТЫҚ БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ
Гранттық бағдарлама байқауына 2021-2023 жылдар аралығында Қазақстанның әртүрлі өңірінен 9-11 сыныптарда оқитын 426 оқушы қатысты. Нәтижесінде «Мирас» мектептерінде оқуға бөлінген 53 гранттың 12-сі «Халық» қайырымдылық қоры тарапынан толықтай қаржыландырылды. Биылғы жылы байқауға қабылданған 557 үміткердің 109-ы алдын ала іріктеуден өтсе, ал 52 студент IB дипломдық бағдарламасына қызығушылық танытып отыр.
«Мирас» мектебінің Алматы қаласындағы IB дипломдық бағдарламасының үйлестірушісі Игорь Гуральниктің айтуынша, грант алуға қолдау көрсету ісі аталмыш мектепте қомақты қаржының көмегінсіз осы бағдарлама бойынша білім алуға мүмкіндігі жоқ дарынды балалардың оқуға қабылдануына зор ықпал етті.
«Көбінесе грантқа түсетін балалар жаратылыстану ғылымдарына басымдық береді, сондықтан мұндай үміткерлерді көптеп қабылдау мектептің Дипломдық бағдарламасының пәндік кеңістігін жаратылыстану және техникалық ғылымдарына қарай кеңейте түсуге мүмкіндік беріп отыр», — дейді Игорь Гуральник.
2023-2024 оқу жылында екі «Мирас» мектебінде гранттық бағдарлама бойынша 35 студент оқып, білім алуда. Олардың ішінде 15 студент екінші және үшінші оқу жылын жалғастырып жатқандар.
IB ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Халықаралық бакалавриат дипломдық бағдарламасы (IB DP) 1968 жылы құрылған. Ол 16-19 жас аралығындағы студенттерге арналған. IB DP әлемнің 100-ден астам еліндегі 5000 университетте жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама түлектерінің басқа бағдарламаларды аяқтағандарға қарағанда өзіндік артықшылығы бар, мәселен, Advanced Placement (AP) және A-level курстар бойынша білім алады. Міне, сондай артықшылықтардың бір қатары мыналар:
— Бағдарлама тек академиялық жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін шығармашылық тәсіл, қызмет атқару және еңбек сіңіру (CAS) сияқты эмоциялық және әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға бағытталған.
— Бағдарлама студенттерден кез келген академиялық немесе кәсіби ортада пайдасы зор таным теориясы (TOK), кеңейтілген эссе (Extended Essay) сияқты талдамалық және сыни дағдыларды дамытуға ықпал ететін материалдарды терең түсініп, талдай білуді талап етеді.
— Бағдарлама өзін-өзі ұйымдастыру, өз уақытын басқару және өзін-өзі оқыту дағдыларын терең дамытады.
— Бағдарлама мәдениетаралық түсіністік пен ғаламдық мәселелерден хабардар болу дағдысын дамытуға бағытталған және студенттерді халықаралық ортада білім алуға және т. б. терең білім алу деңгейіне дайындап шығарады.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ПІКІРІ
«АҚШ, Франция, Қытай елдеріндегі бес университеттен шақырту алдым, олардың төртеуі маған толық оқу грантын ұсынды. Олардың арасынан Париждегі Ecole Polytechnique – әлемдегі жетекші математикалық мектептердің бірін таңдадым (математика бойынша — 14 үздік және жалпы критерийлер бойынша – 38 үздік қатарында). Осы ретте өз мұғалімдеріме осындай беделді бағдарлама бойынша дайындықтан өтуге көмектескені үшін алғыс айтқым келеді. Осы екі жыл ішінде математика мен экономика бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысуға, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарда да белсенді болуға мүмкіндік алдым», — дейді «Мирас» халықаралық мектебінің оқушысы Назар Беркімбай.
«Мен 2021 жылы 100% гранттың бірінші иегері болдым және үш жыл бойы мектепте оқыдым. IB білім берудің басты құндылықтарының бірі – басқа халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын түсіну және құрметтеу арқылы өз жұртымыздың тамыры мен мәдени мұрасын барынша тереңірек түсініп, бағалай бастайсыз. Мұнда бізді оқиғалар мен фактілерді, кез келген ақпаратты сыни тұрғыдан саралап, талдай білуге және жан-жақты негізделген шешімдер қабылдауға үйретіп, айналамызды қоршаған әлемді тереңірек түсінуге дағдыландырды. Дипломдық бағдарламада оқу – үлкен еңбек, сондықтан оның нәтижесіне жетудің өзі ерекше сезімге бөлейді», — дейді дипломдық бағдарламаның түлегі Әйгерім Аманғалиева.
Әлкен Қайшыбаева IB бағдарламасын адамды жауапкершілік пен тәртіпке баулитын және студенттерді университет өміріне дайындайтын сынақ ретінде сипаттайды. Ол өз мақсаттарына табандылықпен ұмтылған әрі пікірлес студенттердің ортасында болудың маңыздылығын және оқу үдерісін қызықты әрі ынталандыра отырып өткізетін оқытушылардың кәсібилігін зор ілтипатпен атап көрсетті. IB қатарлас жеткіншектер арасында өзара сыйластық қарым-қатынасты дамыта отырып, өзара адал бәсекеге қабілетті орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Грантқа ие болған жастардың оқуда тамаша нәтижелер көрсететіп жүргеніне қуаныштымыз. Оның үстіне, олардың деңгейін тек мектептің өзі ғана бағаламайды. Оқушылар халықаралық олимпиадаларда, жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, алтын медальдарға ие болды. Бұл жобаның шын мәнінде маңызды әрі үлкен мәнге ие екендігінің дәлелі», — дейді «Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шүңкеев.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
«Мирас» мектептерінің дипломдық бағдарламасы — Орталық Азия өңірінде алғашқы болып қолданысқа енгізілген бағдарлама. 2022 жылдан бастап бұл білім бағдарламасы арқылы 227-ден астам түлек білім алып шыққан. Олардың барлығы да әлемнің үздік университеттерінде оқуға қабылданған. Үздік білім ордаларының қатарында Гарвард университеті, Кембридж университеті, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (LSE), Принстон университеті, Калифорния университеті, Беркли, Лондондағы Кинг колледжі, университет Toronto, McGill University, The Hong Kong University of Science and technology және басқалары бар.
Биылғы жылы «Мирастың» екі мектебін 80-нен астам студент бітіргелі отыр, оның ішінде 38 оқушы дипломдық бағдарламаны (IB DP) аяқтамақшы. Барлығы да DP қорытынды емтихандарын сәтті тапсырып, әлемнің жоғары дәрежелі университеттеріне, соның ішінде Калифорния университетіне, Сан-Диего университетіне, Бостон университетіне, Пеннсилвания мемлекеттік университетіне, Уорвик университетіне, Лондондағы Кинг колледжіне, университет колледжіне, London, University of Arts London, Manchester University, University of Birmingham, Ecole Polytechnique in Paris, University of Toronto, Penn State University, Georgetown Qatar, University of Connecticut, Sapienza University of Rome, de Monford University және басқаларына шақырту алып отыр.
Айта кетерлігі, «Халық» қоры 2016 жылы құрылғаннан бері оның құрылтайшылары Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева 300 миллион теңгеден астам сомаға білім беру гранттарын қаржыландырды. Қор өз стипендиаттарын жаңалық ашуға шабыттандырып қана қоймай, олардың халықаралық деңгейде сапалы білім алуына қашанда көмектесуге әзір.
Дереккөз: Forbes.kz