Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев бір күн бұрын үкім шығарылған «Айканың тізіміне» байланысты атышулы іске қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің орынбасары Айка тізіміндегі эскорт қызметін көрсеткен қыздарды жазалау туралы айтты.
«Үкімге қатысты пікір бермеймін, бәрін өздеріңіз білесіз. Интим қызмет көрсеткен тұлғаларды жауапкершілікке тарту бөлігіне келсек, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімі шектелген, сондықтан әр жағдай жеке қаралады», — деді Марат Қожаев Мәжіліс кулуарында.
Журналистер министрдің орынбасарынан эскорт клиенттерін жазалау идеясын қолдайды ма, сұрап көрді.
«Жеке мен қолдаймын», — деп қысқаша жауап берді Қожаев.
Дереккөз: Tengrinews.kz